Сабақтар
Меню
Кіру

     Орыс тілін үйренуге қызығушылығыңыз болса онда сайтта аз-кем кідіріп, қонақтай кетіңіз.

     Бұл сайт мынадай методика ұсынады – бір ереже айналасында жүз сұрақпен айналысу. Яғни, бір сабақ – бір ереже туралы ғана болмақ. Орыс тілінің бір ережесімен 100 рет айналысқанда бұл ереже миға өзі-ақ кіріп, мықтап орналасып алады деген сенімдеміз.
      100 сұрақты төрт типті тапсырмаға бөлдік. 75 сұрақ бойы жасырылған сөзді табасыз, ал қалған 25 сұрақта сізге қазақша тапсырма беріледі және енді өзіңіз орысшаға аудара бастайсыз.

      Барлық тапсырмаға жауап сайтта автоматты түрде тексеріледі, дұрыс жауабы кез келген жағдайда сізге көрсетіледі. Дұрыс жауап берілмеген сұрақтар сізге қайта айналып шыға береді.

      Бұл жердегі басты қағида – балл жинау емес, бұл жердегі басты қағида – практика жүзінде сөз тіркестерін пайдалану арқылы, қолданылу ережесін автоматты түрде түсініп, миға сіңіру.
Сайтта модераторлар тапсырма дайындайды. Және сізден түскен қаражат модераторға теңдей бөлінеді.
      Байқау сабағы – тегін, 100 тапсырма қамтылған.
      Келесі әрбір блок құны мың теңге – бір блокта 10 сабақ, әрбір сабақта 100 тапсырма, жалпылай алғанда 1000 тапсырма. Яғни, орыс тілінің 10 түрлі ережесін үйренудің құнын мың теңге деп бағаладық.
      Блокты таңдау құқығы өз еркіңізде.